Қостанайдың бас санитар дәрігері тұрғын үйлерді қалай дезинфекциялау керектігін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Владимир Нечитайло тұрғын үйлерде дезинфекция жұмыстарын қалай жүргізу керектігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғын үй иелері өз күшімен тазарту жұмыстарын жүргізуі үшін дезинфекциялаушы заттарды алуы керек. Бұл ретте тазалау дегеніміз – дезинфекциялық заттардың көмегімен арнайы өңдеуді білдіреді. Өңдеу жұмыстарын жүргізетін адам дымқыл шүберекпен баспалдақтың сүйеніштерін, терезелерді тазартып, еденін жууы керек. ал егер белгілі бір тұрғын үйден науқас анықталған жағдайда қаулыға сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының қызметкерлері арнайы құрылғылармен және препаратттармен дезинфекция жұмыстарын жүргізеді. Ал егер сол тұрғын үйде коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған адам болса онда дезинфекциялық режімді енгізудің қажеті жоқ», - деді Владимир Нечитайло аймақтық коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек бұған дейін Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Рүстем Каркенов бүгін сағат түнгі оннан бастап қаладағы үш блокбекет жұмысын бастайтынын мәлім еткен еді.



Фото: alau.kz

Соңғы жаңалықтар