Қостанайдың бас полицейі тұрғындармен ашық диалог өткізді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов Затобол кентінде азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жеке қабылдау барысында Департамент бастығы тұрғындардың мәселелерін тыңдап, оларды бірден шешуге көмектесті. Қабылдауға маршруттық автобустардың өкілі Владимир Игнатович келді. Айтуынша, жаңа жол жүру ережелерінің 12.4.7 тармағына сәйкес такси жүргізушілеріне автобус аялдамасының аумағына кіруге тыйым салынған, алайда олар жолаушыларды үнемі осы аялдамалардан мінгізіп алып кетеді.

«Мәселе үнемі бақылауда. Бүгінгі күні 56 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,-деп атап өтті Қостанай ауданы полиция бөлімінің бастығы Мұхтар Жайлаубеков.

Дегенмен, департамент бастығының тапсырмасымен алдағы уақытта Жергілікті полиция қызметі осы мәселені шешу үшін рейдтік іс-шараларды өткізетін болады.


Кездесу барысында бағдаршамдар мәселесі де көтерілді. Жергілікті тұрғынның сөзінше, Затоболда 10 жол қиылысында бағдаршамдар жол бағытының бір жағынан ғана орнатылған.

«Тәжірибелі жүргізушілер үшін бұл жағдай проблема емес, бірақ маған дәл осы қиылыстарда апаттық жағдай көп тіркелетінін айтып, әйел кісі келді. Бұл мәселе де шешімін табады деуге болады. Өйткені, біз ТКШ-ға ұсыныс енгіздік, енді екі бағдаршам орнатылмақ. Қалған сегізі жақын арада қойылады», - деп атап өтті генерал.


Затобол кентінің тұрғыны Гүлсара Әлмағамбетова жеке проблемасымен жүгінді. Оның күйеуі бақташы болып жұмыс істейді. Ол табынды тас жолдың арғы жақ бетіне өткізу кезінде бір сиырды автокөлік қағып кеткен, тиісінше көлік иесі залалды өтеуді бақташыдан талап етіп отыр.

«Жүргізуші Алтынсарин ауданының полиция бөліміне жүгінген. Іс-материалдары тексерілді және тараптардың жауапкершілігі туралы мәселе шешілетін болады. Ауыл тұрғындары үшін мал шығыны – әрдайым үлкен мәселе. Ірі қара ұрлығы немесе жоғалуы жедел әрекет ететін шаралар. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 50-ден астам мал ұрлығын ашты», - деп атап өтті Б. Аймағамбетов.

Қабылдау барысында жергілікті ЖШС-дегі күзет қызметінің бастығы Евгений Радюк полицияға көмектескен зор еңбегі үшін грамотамен марапатталды. Ол ағымдағы жылдың 11 шілдесінде Қостанай ауданының Алтын дала кентінде кісі өлтірген қылмыскерді ұстауға көмектесті.




Соңғы жаңалықтар