+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Қостанайдың бас полицейі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады

2019 жылғы 14 мамыр 22:37
Бөлісіңіз:
Қостанайдың бас полицейі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыстық полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов фронт-кеңседе азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ішкі істер органдарын жаңғыртудың 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде жыл басынан бері полицияның барлық бөлімшесінде азаматтарды қабылдау бөлмесі жұмысын бастаған болатын. Бұл жұртшылықпен ашықтықты және тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді дейді мамандар.

Бүгін Қостанайдың бас полицейінің қабылдауына төрт азамат келді. Олар заңнамалық, қылмыстық істерді тергеу сұрақтары бойынша жүгінді. Мәселен, ерлі-зайыпты Доценколар ұзақ уақыт бойы жалға беретін көрші пәтерге шағымданып келді. Айтуларынша, көршілері мезгілсіз тыныштық бұзып, жұрттың берекесін алады. Бұл бойынша талай шағым да түсірген. Бірақ жалға берілетін пәтерде тыныштық орнаған емес. Полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов қызметкерлерге бұл фактілерді жүйелі түрде қарап, шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Б.Аймағамбетов Лариса Дегтяреваның шағымын қарады. Ол қылмыстық істі тергеу сапасына шағымданды. Оған жүргізілген тергеу әрекеттері жөнінде түсініктеме берілді, сонымен қатар оның тағы бір өтініші қабылданып, қылмыстық іс материалдарына қосылды.
null

Жалпы, полиция департаментінің фронт-кеңсесіне күн сайын 20-ға жуық азамат келеді. Олардың барлығы қажетті кеңес алып, мәселелері шешімін табуда.


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT