Қостанайдың ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы келді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дархан Есентемірұлы Əбілкəрімов 25 қыркүйектен бастап жаңа қызметіне кірісті. Бұл туралы облыс əкімдігінде өткен жиында Қостанай облысы əкімі Архимед Мұхамбетов айтты.

Ол осыған дейін «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесінің облыстағы филиалы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар