Қостанайдың атты полициясы балалар үйіне тосынсый жасады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыстық полиция департаментінің атты полициясы, кинологтар, сондай-ақ арнайы жасақ жауынгерлері Рудный қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Расымен де, атты әскердің келуі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне күтпеген сый болды.null

«Наурыз мейрамы қарсаңында полиция департаментінің қызметкерлері балаларға үлкен мереке жасады. Атты полиция мен жедел әрекет ету арнайы жасағының жауынгерлері балаларға өздерінің өнерін көрсетті. Әсіресе, есірткі және жарылғыш заттарды анықтауда қолданылатын дағдыларды көрсеткен иісшіл иттердің қимылдары ерекше назар аудартты», - дейді Қостанай облысы полиция департаменті Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Дүйсебаев.null

Рудный балалар үйінің қабырғасында жақында ғана жұмыс істей бастаған «Бүркіт» патриоттық тобының тәрбиеленушілері қаруды бөлшектеу және жинау, сондай-ақ саптық дайындықта жүру шеберліктерін көрсетті.null

Кездесу соңында полицейлер балаларға сыйлықтар беріп, оларға тағы да қонаққа келуге уәде етті.

Соңғы жаңалықтар