Қостанайды «Өзендер өрнектеген өлке» ретінде таныту керек - тарихшы

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда ҚХА «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасына арналған қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін насихаттау бойынша лекторий өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Республикалық лекторий І.Омаров атындағы қазақ драма театрында ұйымдастырылды. Шара басталмастан бұрын халық қолөнер шеберлері бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Лекторий жұмысына ҚХА мүшелері, елдегі жетекші институттар ғалымдары, қоғам қайраткерлері, атқарушы билік өкілдері, студенттер қатысты.

Сонымен, «Қазақтану» идеясы қайдан пайда болды? Лекторий модераторы, ҚХА төрағасының орынбасары Виталий Иононың айтуынша, жоба идеясы алғаш рет ҚХА XXVI сессиясында көтерілді.  

«Біз қазақтың басын қосқан қасиетті Абылай хан алаңында ҚХА қолдауымен жүзеге асатын ғылыми-ағартушылық «Қазақтану» концепциясының тұсаукесер рәсімін өткіздік. Жобаның негізгі мақсаты - қазақстандықтардың ортақ мәдени кодының, біртұтас құндылықтарының және жалпыұлттық тарихи санасының негізінде халық бірлігін нығайту. Бұл бастама Қазақстан этностарының арасында қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, гуманитарлық және адамгершілік принциптерін дәріптеуге бағытталған. Жоба аясында әлі де көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады», - деді Виталий Ионо.

null 

Облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев елдің түкпір-түкпірінен келген меймандарға Қостанайда өтіп жатқан рухани іс-шаралар турады баяндама жасады. Ол өз сөзінде «Жаңғыру жолы» атты жастардың бірлескен жобасы басталғанын айтты. Ал белгілі тарихшы Жамбыл Артықбаев Қостанайға өзіндік брендін қалыптастыру керек деп есептейді.

«Мен Қазақстанның бірнеше өңірінде болып жүрмін. Дегенмен, Қостанайдың сұлулығы өзгеше екені байқалады. Тобыл, Аят өзендерінің саласы жақсы таныс. Жалпы, Қостанайды «өзендер өрнектеген өлке» деп атауға болады. Осылай бренд қалыптасады. Бұдан бөлек, шекарада тұрған облыс. Қазақыландыруға байланысты шаралар неғұрлым көп болған сайын, рухани, ұлттық тұрғыда көбірек ұтамыз. Осыны ойланайық», - дейді тарихшы.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Еркін Әбіл ұлттық код туралы баяндама оқыды. Жазушы Камал Әлпейісова «Қазақтанудың» басты бағыттарын таныстырып, жоспарларымен бөлісті.

Лекторий шеңберінде дәрістер циклы өтеді. Жұмысшы топ Қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің қатысуымен Лисаков, Рудный қалаларына барады. Сондай-ақ, облыстағы мәдени нысандарға экскурсия ұйымдастырылмақ.

 

Соңғы жаңалықтар