Қостанайдағы жол апатына кінәлі жүргізушінің аяғы ауыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Кісі өліміне әкелген Қостанайдағы ірі жол апатына кінәлі Infiniti көлігінің жүргізушісі жүкті болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, аталған оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық істің тергелу барысын процессуалдық прокурор өз бақылауына алған . 

«Ірі жол-көлік апаты кезінде Infiniti көлігінде болған 1994 жылы туған бойжеткеннің аяғы ауыр. Қазіргі күні күдікті дәрігерлердің бақылауында. Оның ісі сот арқылы шешілетін болады», - деді Қостанай облыстық ІІД ЖПҚ басшысының орынбасары Құрмет Мәжікенов.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар