Қостанайдағы жол апаты: Сәбидің қолына ампутация жасалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Арқалық - Торғай» тасжолындағы жол апаты салдарынан 2017 жылы туған сәби зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, жеңіл автокөлік Арқалық-Торғай бағытында келе жатқан. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасынан бір жарым жасар қыз бала зардап шекті. Оның оң қолына шынтақ буыны деңгейінде ампутация жүргізілді. Баланың жағдайы бірқалыпты» - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазір сәби облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Қасында анасы бар.

Соңғы жаңалықтар