Қостанайдағы университетке академик Сұлтанғазиннің есімі берілмек

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне академик Өмірзақ Сұлтанғазинның есімі беріледі. Бұл туралы агенттік тілшісіне оқу орнының ректоры Еркін Әбіл мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдымен айта кетейік, биыл наурыз айында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты университет мәртебесін алған болатын.

Сонымен қатар, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне академик Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімін беру туралы мәселе ел ішінде жиі көтеріліп жүрген еді.

«Бұл ұсыныс осыдан үш жыл бұрын айтылды. Бастамашыл топ тиісті органға хат жазды. Енді университет мәртебесін алып отырған соң, осы мәселені әрі қарай тағы көтердік. Біздің таңдауымыз академик Өмірзақ Сұлтанғазинге түсіп отыр», - деді Еркін Әбіл.

Ректордың сөзінше, биыл ақылы бөлімде оқитын студенттер үшін оқу бағасында өзгеріс болмайды. Ал университет ғимарат үстіндегі маңдайша жазуының қазақ тіліндегі нұсқасын латын әліпбиімен жасауды ұйғарып отыр.

Соңғы жаңалықтар