Қостанайдағы тұрғын үйдегі өрт: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қалалық ауруханасының дәрігерлері Чехов көшесінің бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйде шыққан өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай қалалық ауруханасының реаниматологы Павел Уколов жансақтау бөліміне алты науқас, оның ішінде екеуі - күйіктік шок белгілерімен, қалған төртеуі - ыстан уланып түскенін хабарлады.

«Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін екі науқас облыстық ауруханаға ауыстырылды. Себебі, қалалық ауруханадағы жансақтау бөлімінде жатқан науқастар өте көп. Біздің бөлім төрт науқасқа көмек көрсетіп жатыр. Күйіктік шок белгілерімен түскен науқастардың жағдайы ауыр, олар ем қабылдап жатыр. Ал, иіс тиіп түскен аурулар жақсарып келеді», - деп түсіндірді П.Уколов.

Еске салайық, кеше кешкісін Қостанайдағы көп қабатты үйде өрт шығып, 6 адам зардап шеккен еді. Тізсіз жаудан екі ер адам мерт болды.

Соңғы жаңалықтар