Қостанайдағы түнгі клуб өрті кезінде ТЖ қызметкері зардап шекті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары бөлімі бастығының орынбасары Ерболат Ақдәулетов "WEST" көңіл-көтеру кешенінде болған өртке қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«10 қыркүйек күні сағат 9-да өрт сөндіру қызметінің кезекші бөлімі Тәуелсіздік көшесінің бойында орналасқан "WEST" клубының өртенгені туралы хабар алды. Бастапқыда ғимараттың шатыры өртеніп, жалын екінші қабатқа тиген. Шатырға тез тұтанатын материал төселгендіктен өрт жылдам таралды. Тәуелсіздік көшесінің бойындағы жол жөнделіп жатқандықтан, арнайы өрт сөндіргіш техникалардың ғимарат маңына жақындауы қиындық туғызды. Өрт сөндірушілерге нысанның тоқтан толықтай ажыратылғаны айтылған. Алайда, біздің бір қызметкерді электр тогы ұрып, ауруханаға түсті. Қазір оның жағдайы жақсы. Ал өрттің нақты неден болғанын біздің зертхана мамандары анықтап жатыр», - деді Ерболат Ақдәулетов.

null 

Өрт көлемі шамамен 450 шаршы метрді құрайды. Өрт ошағы сағат 11-де оқшауланды. Келтірілген шығын көлемі анықталуда.  Өрт сөндіру үшін жеке құрамнан 38 қызметкер мен 10 арнайы техника жұмылдырылды. Электр сымдарының тұйықталуы салдарынан, клуб маңындағы үйлер тоқтан ажыратылды.

Соңғы жаңалықтар