Қостанайдағы трактор мен автобустың соқтығысуы: оқиға себептері анықталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысындағы жолаушылар автобусы мен трактордың соқтығысуына қатысты тың мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қостанай облысында автобус пен трактор соқтығысып, бірнеше адам зардап шеккен. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасына жолаушылар автобусының жүргізушісі себеп болған.

«49 жастағы жүргізуші мінген «Нефаз» маркалы автобус жол жиегінде тұрған «Беларус» тракторына соғылған. Трактор тіркемемен шөп әкеле жатқан. Қазіргі уақытта қылмыстық істің қосымша мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь агенттік тілшісіне.

Соңғы жаңалықтар