Қостанайдағы сауда орталығы қоршауға алынды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайдағы «Март» сауда, ойын-сауық орталығы қоршауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Белгісіз біреу қала орталығында «Март» сауда үйіне жарылғыш заттың қойылғанын хабарлаған.

«Жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ақпарат тексерілуде. Сауда орталығында тиісті мамандар жұмыс істеп жатыр», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь агенттік тілшісіне.

Сонымен қатар, Ирина Беженарь жарылғыш зат туралы жалған хабарлама таратқандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар