Қостанайдағы өрттен зардап шеккендерге үйлер қандай жоба бойынша салынады

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайдағы өрттен зардап шеккендерге үйлер Мақтааралдағы су тасқыны кезінде жүзеге асырылған жоба негізінде салынады. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл - төтенше жағдай. Сондықтан мұндай кезеңде мердігерді анықтау бойынша конкурстар өтпейді. Егер конкурс өткізсек, онда ол бірнеше айға созылады. Уақыт жоқ. Берілген мерзімі өте қысқа - 2,5 ай. Ең бастысы, әр қайсысының аумағы 100 шаршы метр болатын сапалы үйлер салу. Сондықтан мұнда ірі компаниялар жұмыс істейтін болады», - облыс әкімінің орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов.

Оның айтуынша, үйлер Мақтааралдағы су тасқыны кезінде жүзеге асырылған жоба негізінде салынады. Құрылысқа қажетті қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Ғауез Нұрмұхамбетов аймақтың климаттық ерекшеліктеріне байланысты жоба құны Мақтаралдағы құрылысқа қарағанда қымбат болуы мүмкін.

«Мақтаарал – Оңтүстікте орналасқан өңір. Ал бізде жылу беру маусымы ұзаққа созылады. Президент үйлерді біздің климаттық жағдайымызды ескере отырып салуты тапсырды. Яғни, олар қыста жылы болуы тиіс», - деп атап өтті Ғауез Нұрмұхамбетов.

Еске салайық, Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданындағы өрттен зардап шеккендерге 91 үй салынады. Әр баспанының аумағы 100 шаршы метр болады.



Соңғы жаңалықтар