Қостанайдағы өртке кінәлі бірнеше лауазымды тұлға күдікке ілінді - министр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат –ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы өрт бойныша тергеу жұмыстары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қостанай облысындағы өртке қатысты қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеушілер бірқатар лауазымды тұлғаны ұстады. Оларға айып тағылуда», - деді Төтенше жағдайлар министрі.
Еске салайық, қыркүйек айында Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданында орман өртенген еді. Бірнеше күнге жалғасқан өрт салдарынан 2 091 адам эвакуацияланып, 12 тұрғын түрлі жарақат алды.

Аманқарағай, Озерное және Лесное ауылдарынан - 1841, Бағаналы және Қазанбасы елі мекендерінен 250 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Сонымен қатар, Аманқарағай ауылында 98 үй өртеніп кетті. Қазіргі таңда тілсіз жау салдарынан баспанасынан айырылғандарға үй салынды.
Соңғы жаңалықтар