25.03.2023 14:40 Қостанайдағы автоХҚО-да көлік жанып кетті ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының аумағында көлік жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kostanaynews-ке сілтеме жасап.
16.03.2023 15:43 Қостанайдағы алапат өрт: залал келген ағаштарды кесу есебінен бюджетке 673 млн теңге түсті ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Былтыр Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданындағы алапат орман өрті кезінде залал келген ағаштарды кесу есебінен бюджетке 673 млн теңге түсті. Бұл туралы Қостанай облыстық прокуратурасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.01.2023 19:52 Қостанайдағы алапат өртке себепкер деп танылған тракторшыға қатысты үкім шықты ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Былтыр Қостанай облысының Әулиекөл ауданында болған алапат өрттің тұтануына себепкер деп танылған тракторшыға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген облыстық соттың баспасөз қызметінен мәлім етті.
20.12.2022 15:05 Қостанайда тағы құбыр жарылып, 30 үй жылудан ажыратылды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласы көшелерінің бірінде жерасты жылу құбырында апат болып, 30 тұрғын үй кешені жылусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.11.2022 11:43 Қостанайдағы өртке кінәлі бірнеше лауазымды тұлға күдікке ілінді - министр АСТАНА. ҚазАқпарат –ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы өрт бойныша тергеу жұмыстары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.11.2022 19:15 Әулиекөлдегі ауласын су басқан 12 үйдің маңы құрғатылды - әкімдік АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай облысы Әулиекөл ауданында өрттен кейін салынған 91 үйдің 12-сінің кәріз жүйесі толып, ауласын су басқан. Қазір ол жерлер түгел құрғатылды. Бұл туралы аудан әкімі Ерлан Теменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.11.2022 16:07 Үйлері өртеніп кеткен қостанайлықтардың жаңа қоныстарын енді су басып жатыр ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртінен зардап шеккендер үшін салынған жаңа үйлердің тұрғындары септиктерінің толып кеткеніне шағымданды. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23.10.2022 21:33 Ақорда үйі өртеніп кеткен қостанайлықтардың жаңа баспанаға көшкені жайлы видео жариялады АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендердің жаңа баспанаға көшіп, қоныстойын тойлап жатқаны жайлы видео жариялады.
20.10.2022 15:48 Қостанай облысындағы орман өрті табиғи апат емес - Серікқали Брекешев АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай облысында болған орман өрті табиғи емес. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.10.2022 21:30 Қостанай облысындағы ірі өрт: Үйлерге су құбырын тартуға 2,5 млрд теңге бөлінді ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Алапат өрт салдарынан залал келген Қостанай облысының Аманқарай ауылындағы үйлер су құбырына қараша айының соңына дейін қосылады. Бұл туралы өңір әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.10.2022 13:36 Қостанайдағы өрттен жойылған орман алқабына қайың егіле бастады ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Әулиекөл ауданында болған алапат өрттен орманға келген зардаптың салдарын жою үшін ағаш отырғызу жұмыстары басталды. Мұндай хабарлама өңірлік әкімдіктің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.10.2022 13:08 Министр Қостанайдағы орман өртінің қасақана қойылғанын растады АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы өрт бойынша жүріп жатқан тергеу жұмыстарына қатысты түсінік берді. Ол тілсіз жау табиғи фактор әсерінен тұтанды деген нұсқаны жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.10.2022 17:34 Қостанай облысы: Өрттен зардап шеккендерге салынатын үйлер инфрақұрылыммен толық қамтылады АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге салынатын үйлер қажетті инфрақұрылыммен толықтай қамтамасыз етіледі. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.10.2022 16:30 Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккен халық қанша өтемақы алады АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қостанай облысындағы өрттен кейін баспанасыз қалған тұрғындқанша өтемақы алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.10.2022 16:14 Әулиекөлдегі өрттен зардап шеккен бизнеске 36 млн теңгеден астам өтемақы төленеді ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Әулиекөл кәсіпкерлері өрттен зардап шеккен бизнес үшін өтемақы алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.09.2022 17:43 ТЖМ Қостанайдағы өртті сөндіргендерді марапаттады АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы өртті сөндіру кезінде ерекше көзге түскен құтқарушыларды марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.09.2022 11:27 Қостанай облысындағы өрттің себебі ретінде бірнеше нұсқа қаралып жатыр - Юрий Ильин АСТАНА. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет кулуарында Қостанай облысындағы өрттің ықтимал себептерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.09.2022 08:35 Біріккен Араб Әмірліктері Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіруге $1 млн бөлді АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында «Әл-Бахр» сарайында БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті.
16.09.2022 17:09 Қостанайдағы өрт: жаңадан салынатын 91 үйдің 55 учаскесінде іргетас құйылды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында өрттен зардап шеккен тұрғындар үшін салынатын 91 үйдің қазаншұңқыры қазылып, 55 учаскеде іргетас құйылды. Өңірге жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр Әлихан Смайылов Әулиекөл ауылындағы құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16.09.2022 14:57 «Қазақстан халқына» қоры қостанайлықтарға жаңа үйге зат алуға көмектеседі НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккен азаматтарға «Қазақстан халқына» қоры атынан көмек көрсетіледі. Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.