Қостанайдағы өрт: Аманқарағай ауылында бір адамның мәйіті табылды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өрт салдарынан Аманқарағай ауылында бір адамның мәйіті табылды. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 1936 жылы туған, мүгедектігі бар. Марқұмның учаскелік инспектор эвакуцияламақ болғанда, көмектен бас тартқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қостанай облысы Әуликөл ауданындағы бүгінгі таңдағы жағдай туралы мәлімет берсем, өрт 2 қыркүйек күні шамамен сағат 15.10-да тұтанғаны белгілі. Өрттің жылдам таралуына күн райы мен секундына 20 метр жылдамдықпен ұйытқыған ыстық жел түрткі болды. Салдарынан өрт орман алқабына кең жайылып, елді мекендердегі тұрғын аумаққа қауіп төндірді. Жергілікті әкімдік пен төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылған бөлімшелердің дер кезінде қолға алған шаралары нәтижесінде өткен тәуліктің ішінде өрт таралу қаупі бар елді мекендерден 1800-ден астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Түнгі сағат 00.00-дегі жағдай бойынша баяндағанымда зардап шеккендер мен қайтыс болғандар туралы мәлімет болмаған еді. Бүгін таң атысымен үйінділерді аршыған кезде Аманқарағай елді мекенінде кісі өлімін анықтадық. Бұл 1936 жылы туған мүгедектігі бар адам болып шықты, - деді министр.

Айтуынша, марқұм эвакуация шарасынан өзі бас тартқан.

«Тұрғындарды эвакуациялау кезінде учаскелік инспектор оны да хабарландырған – эвакуациялау шараларынан бас тартқан. Сонда да кісі өлімі фактісі бойынша тергеу шаралары жүреді», -деді Юрий Ильин.


Соңғы жаңалықтар