Қостанайдағы оқушы өлімі: Ресей азаматы ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 4 сынып оқушысын өлтірді деген күдікпен Ресей Федерациясының азаматы тұтқындалды. Бұл туралы бүгінгі брифинг барысында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қостанай облыстық ІІД Криминалдық полиция қызметкерлері Қарасу ауданына қарасты Восток ауылында қылмысын жасыру мақсатында 4 сынып оқушысын өлтірді деген күдікпен Ресей Федерациясының азаматын ұстады», - деді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қарасу ауданының Восток ауылында 11 жастағы баланың мүрдесі табылып, осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіле бастаған еді. 

Кейін облыстық ІІД баспасөз қызметі жедел-із кесу шаралары барысында  46 жастағы Қарасу ауылының тұрғыны ұсталғанын және ол қылмысын мойындағанын жария еткен болатын.

 

Соңғы жаңалықтар