Қостанайдағы оқушы қыздың өлімі: Күдікті анықталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында өлтірілген 9-сынып оқушысына қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа деректер жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«15 жасар қала тұрғынына қатысты іс бойынша ҚР ҚК 99-бабымен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті белгілі болды. Ол 44 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны. Полицейлер  қылмыстық-процесуалдық кодекске сәйкес, оқиғаның мән-жайын анықтауда», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Сондай-ақ, облыстық ІІД оқушының өліміне қатысты істі өз бақылауына алды.

Ведомствода мәлім етілгендей, оқушының жеке өміріне қатысты мәліметтерін тарату және бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалану ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеп соқтырады.

 

Соңғы жаңалықтар