Қостанайдағы корей қауымдастығы жастарға үндеу жолдады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыстық «Достық үйінде» этномәдени бірлестіктердің қатысуымен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын қолдауға арналған форум өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Қалқаман Жақыптың сөзінше, бұл жолғы сайлау дер кезінде қабылданған шешім болды.

«2019 жылдың 9 маусымында маңызды саяси оқиға - Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Тәуелсіздік ел ретінде Мемлекет басшысын алтыншы рет сайламақпыз. Осы жылдар ішінде Елбасы елімізді биік белестерге жетеледі... Сайлау - ел өміріндегі маңызды кезең. Әрбір азамат өзінің және мемлекетінің тағдыры үшін жауапкершілікті түсінуі тиіс», - дейді Қалқаман Жақып.

Форум барысында облыстық корей қауымдастығы төрағасының орынбасары Ульяна Ким жастарға үндеу оқыды.

«Кезектен тыс сайлау адамдардың белсенді азаматтық ұстанымын білдіруіне мүмкіндік туғызады. Еліміздің алдында тұрған барлық міндеттерді шешу үшін халықты бір арнаға жұмылдыруға қуатты серпін береді. Сіздер, жастар өздеріңіздің отансүйгіштік сезімдеріңізді көрсетіп, сайлауға қатысып, лайықты үміткерге дауыс беріп, азаматтық борыштарыңызды орындаңыздар», - деді Ульяна Ким.

Этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар қанаттарының көшбасшылары, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының белсенді мүшелері, жоғары политехникалық колледжі мен Қостанай педагогикалық колледжінің шығармашылық ұжымдары алда болатын кезектен тыс сайлауға қолдау білдірді.

null

null

Соңғы жаңалықтар