Қостанайдағы көпқабатты үйдің сыртына Абайдың портреті салынып жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы көпқабатты үйлердің біріне Абай Құнанбаевтың портреті салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жақын күндері қаладағы 9 қабатты үйдің қабырғасына Ұлы Абайдың бейнесі орнатылады. Портретті салу жұмыстары бүгін басталды. Қалалық әкімдіктің ТҚШ бөлімінің басшысы Алексей Тарасовтың сөзінше, қостанайлықтар ақынның кітап ұстап тұрған бейнесін алдағы екі апта көлемінде толығымен көре алады. Бұл жобаны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мейірімділік» қоғамдық қоры жүзеге асырмақ.

 Айта кетейік, осыған ұқсас жобалар Алматы, Астана, Петропавл қалаларында да қолға  алынған  болатын.

Соңғы жаңалықтар