Қостанайдағы коммуналдық қызметтер тарифін арзандату қажет - Мәжіліс депутаты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысына бір топ Мәжіліс депутаты жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халық қалаулылары облыстық мәслихат депутаттарымен және «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен кездесіп, сапар мақсаты туралы баян етті. Жұмыс тобының жетекшісі Глеб Шегельскийдің айтуынша, депутаттар өңірдің бірнеше ауданын аралап, халықпен кездеспек.

«Біздің Қостанайға келудегі басты мақсатымыз - халықпен кездесіп, өңір тұрғындарының тұрмысы мен өміріне Елбасы реформалары қаншалықты деңгейде әсер етіп жатқанын өз көзімізбен көріп-білу. Коммуналдық қызмет төлемдерінің мөлшерін азайту бойынша өңірде қандай шаралар атқарылып жатқанын білу де маңызды. Өйткені бұл салада әлі де шешімін таппай жатқан түйткілді мәселе көп. Коммуналдық тариф құнын азайту қажет. Бұған қоса, дүкендерге кіріп, азық-түлік бағасын бағамдап, зейнеткерлермен тілдесіп, әлеуметтік ахуалмен танысу мақсатында келдік. Біз өңірдің бірқатар қала-аудандарын аралап, ел пікірін білмекпіз. Жол сапасын бақылаймыз», - деді депутат.

Айта кетейік, Қостанайға Құралай Қаракен, Арман Қожахметов, Ольга Шишигина, Снежанна Имашева сияқты Мәжіліс депутаттары келді. Олар ертең Рудный қаласындағы «Соколов-Сарыбай» кен байыту комбинатына барады, сонымен қатар кеншілер қаласындағы Цемент зауытының өндірісімен танысып, жергілікті дәрігерлермен кездеседі.

Одан кейін депутаттар Сарыкөл, Қарабалық, Денисов, Қамысты аудандарына барып, бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралайды.

null

Соңғы жаңалықтар