+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қостанайдағы кентке қала мәртебесі беріліп, Тобыл деп аталмақ

2018 жылғы 18 наурыз 16:14
Бөлісіңіз:
Қостанайдағы кентке қала мәртебесі беріліп, Тобыл деп аталмақ

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы Затобол кентінде осы елді мекенге қала мәртебесін беру және атын өзгерту мәселесіне арналған жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші мәселе бойынша жұрт бірауыздан шешім қабылдады. Екінші мәселеге орай жиналғандардың басым көпшілігі «Иә» деп дауыс берді. Еліміз картасында жаңа Тобыл қаласы пайда болмақ», - деп мәлімдеді Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Болат Бекенов.

Б. Бекеновтің айтуынша, жеті күн ішінде кент әкімінің аппараты жиналыстың хаттамасын жариялауы тиіс, содан соң атауын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Жиналыста жаңа қаланың тұрғындары құжаттарын ауыстыруына қажеттілік жоқ екені, олардың барлығының заңды күші сақталатыны айтылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT