Қостанайдағы қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс: директорға үкім шықты

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайдағы «Оружейная палата» дүкенінде болған жарылысқа қатысты сот үкімі шықты. Дүкен директоры бес жылға бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

«Сот Бескровный Сергей Васильевичті айыпты деп танып, оны 5 жыл бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол енді басшылық қызметтерді атқара алмайды», - деп мәлімдеді сотта.

Бескровный жазасын минимал деңгейдегі қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Ол сот залында тұтқындалды.

Былтыр қыркүйекте Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінде өрт болды.

Қостанайдағы «Оружейная палата» дүкенінде болған жарылыс пен өрт салдарынан 4 адам қаза тауып, 7 адам зардап шеккен болатын.

Жанна Мұсабаева


Соңғы жаңалықтар