Қостанайдағы алапат өрт: залал келген ағаштарды кесу есебінен бюджетке 673 млн теңге түсті

None
Фото: Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметі
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Былтыр Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданындағы алапат орман өрті кезінде залал келген ағаштарды кесу есебінен бюджетке 673 млн теңге түсті. Бұл туралы Қостанай облыстық прокуратурасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр желтоқсан айынан бастап облыс прокуратурасының бастамасымен облыс әкімдігі және уәкілетті органдармен бірлесіп, Әулиекөл ауданында өртенген орманды игеруді бақылау жобасы іске асырылып келеді. Барлық орман шаруашылығы мекемелерінің ресурстарын жұмылдыру нәтижесінде көлемі 46 мың текше метр орман алқабындағы ағаштар кесілді. Одан бюджетке 673 млн теңге түсті. Жоба шеңберінде өз бетінше ағаш кесуге жол бермеу мақсатында кесілген орман алқабының рұқсат құжаттарының сәйкестігі тексеріліп отыр. Сондай-ақ, ғарыштық мониторинг жұмыстары жүргізіледі», - делінген құзырлы органның сайтында жарияланған хабарламада.

Прокуратура мәліметіне сай, былтыр қыркүйекте Әулиекөл ауданында болған алапат орман өртінен 32 мың га алқап жойылған.


Соңғы жаңалықтар