+7 (701) 759 90 19
USD 376.42 EUR 417.41
RUB 6.09 CNY 54.54
Jańalyqtar

Қостанайдағы 40 жыл жөндеу көрмеген әуежай терминалы қайта жаңғыртылады

2019 жылғы 5 желтоқсан 14:33
Бөлісіңіз:
Қостанайдағы 40 жыл жөндеу көрмеген әуежай терминалы қайта жаңғыртылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың айтуынша, терминал 1975 жылдан бері жөндеу көрмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы әуежайындағы рейстер кестесі өзгеруі мүмкін Алматы әуежайында халықаралық рейстер үшін жаңа терминал ашылады Алматы әуежайын кім сатып алмақ - Атамқұлов жауап берді

«Осы жазда, 15 маусымнан бастап біз 40 жылға жуық жөнделмеген ұшу-қону жолағын қайта жаңарттық. Әрине, бұл жұмыстың тұрғындар мен қонақтар үшін қолайсыздық туғызғаны рас. Ал қазір ұшу-қону жолағының ашылғанына бір айдан асты. Біріншіден, жолақ ұзарып, кеңейе түсті. Бұрын оның ұзындығы - 2,5 шақырым болса, қазір - 2,8 шақырым. Ені де 45 метрден 60 метрге дейін ұзарды. Салмағы шамамен 200 тонналық ұшақты қабылдауға қауқарлы», - деді облыс басшысы.

Архимед Мұхамбетов ендігі міндет - 1975 жылы салынған терминалдың өзін жаңғырту екенін мәлім етті.

«Оған да күрделі жөндеу жүргізілмеген. Бүгінде оның аумағы - шамамен 5 мың шаршы метр. Десе де, заман талабына жауап бермейді. Қазір біз жоба әзірлеп жатырмыз. Ол ақпан-наурыз айларында дайын болады. Осыдан кейін құрылыс-монтаж жұмыстарын бастаймыз. Жоба құнын айта алмаймын. Себебі, құны жергілікті және республикалық бюджет есебінен анықталады. Ең маңызды міндет - жолаушылар ағымын арттыру. Қазір әуежайда сағатына 200 жолаушы ары-бері қатынаса, біз ең төменгі мөлшерді 250-300 адамға жеткізгіміз келеді», - деді ол.

Аймақ басшысы қазіргі таңда әуежайдан Нұр-Сұлтан, Мәскеу, Алматы, тіпті Мысырға рейстер орындалып жатқанын жеткізді.

Фото: kostanaytany.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT