Қостанайда зират өртеніп, ер адам қаза болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Денисов ауданында зираттардың бірінен өрт шықты. Оқиға орнында ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпаратты облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде растады.

Оқиға кеше 15:00 шамасында Денисов ауданының Заятское ауылында болған. От шыққан зираттан 1968 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды.

«Өрт ауқымы 1000 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау сағат  20.55-те ауыздықталды», - деді ведомстводан.

Өрттің шығу себебі анықталуда. 

 

Соңғы жаңалықтар