Қостанайда жылыту маусымы аяқталды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Қостанай қаласында жылыту маусымы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«25 сәуірдегі Қостанай қаласы әкімдігінің №718 қаулысына сәйкес, Қостанай қаласында жылыту маусымы аяқталды. Бұл шешім орташа тәуліктік температураның (+10°С төмен емес) тұрақталуына байланысты қабылданды», - делінген Қостанай жылу энергетикалық компанияның мәліметінде.

Қоса кетсек, бүгін сондай-ақ Петропав қаласында жылыту маусымы аяқталды.

Ал Таразда 12 сәуір күні пәтерлерге жылу беру тоқтатылды.

Сонымен бірге алдағы 1-2 күнде елордада жылыту маусымы аяқталуы мүмкін.

«Алдағы 1-2 күнде ресми ақпарат шығады. Ережеге сәйкес, бес күн қатарынан +10 градус температура сақталса, онда жылыту маусымы аяқталады», - деп мәлім етті Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар