+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Қостанайда жылына 45 мың тонна шойын құятын зауыт іске қосылады

2021 жылғы 22 қыркүйек 12:39
Бөлісіңіз:
Қостанайда жылына 45 мың тонна шойын құятын зауыт іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысында Ресейдің «КАМАЗ» жария акционерлік қоғамымен бірлесіп жылына 45 мың тонна шойын құятын зауытын іске қосылады, деп деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада жыл басынан бері өнеркәсіп кәсіпорындары 543 млрд. теңгенің өнімін өндірді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев Қазақстан машина жасаушыларының ІХ форумында осындай мәлімет айтты.

«Сонымен қатар, Қостанай облысында 2024 жылы Ресейдің «КАМАЗ» жария акционерлік қоғамымен бірлесіп жылына 45 мың тонна шойын құятын зауытты іске қосу жоспарлануда. Одан қозғалтқыштар мен көпір арқалықтары жасалады. Сондай-ақ, жүк техникасына арналған жетекші көпірлердің басты берілістерін шығаратын зауыт салынады. Оның қуаты жылына 65 мың дана бұйым шығаруға мүмкіндік береді. Бұл жобалардың бәрі толығымен экспортқа бағдарланбақ», - деді вице-министр.

Сонымен қатар Марат Қарабаев Қарағанды облысының Саран қаласындағы шина жасау жобасы іске қосылғанын еске салды.

«Бұл зауыттың жылына 3,5 млн шинаны шығара алады. Сонымен қатар, жақын арада өндірілетін компоненттердің тізімін едәуір кеңейту жоспарлары бар», - деді ведомсто өкілі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT