+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қостанайда жылу мен ыстық су өшірілмейтін болды

2021 жылғы 10 қазан 23:16
Бөлісіңіз:
Қостанайда жылу мен ыстық су өшірілмейтін болды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы қалада газ, ыстық су мен жылудың өшірілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, Қостанай жылу энергетика компаниясы штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

«Облыстың жылумен қамтитын кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс істей береді. Газдың сөндірілуі Қостанай облысындағы жылыту маусымының барысына әсер етпейді» деп мәлім етті басқарма бастығы Дәурен Асқаров.

Мекеме таратқан ақпаратқа сенсек, 2021 жылдың 5 қазанында Қостанай облысының әкімдігіне «Интергаз Орта Азия» АҚ «УМГ Қостанай» кәсіпорнынан арнайы хат келген.

Онда «Қарталы - Рудный» магистралды газ құбырында жүргізілген құбырішілік диагностика кезінде алынған қорытындыға сәйкес, магистралды газ құбырының жуандығы 10 мм болғанына қарамастан 70-80% тереңдікке дейін үлкен ақау табылғаны айтылған.

Сондықтан Қостанай облысын күз бен қыста газбен үздіксіз және қауіпсіз қамтамасыз ету үшін тез арада аталған ақаудың көзін жою керек.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МҚК 12-17 қазан аралығында «Қарталы - Рудный» магистралды газ құбырында жөндеу жұмысы жүргізілетінін, сондықтан газ толық өшірілетінін хабарлаған болатын.

Осыған байланысты қалада бір апта бойы жылу мен ыстық су берілмейтіні айтылған еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT