Қостанайда жылқы іздеуге шыққан жасөспірім жоғалып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Қостанайда табын жылқыны іздеп шыққан 14 жасар жасөспірім жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ықпаратты «ДОС» құтқару-іздеу отряды жариялады.

Қостанай ауданының әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша іздеу жұмыстары ауданның Жуковки Александр селолық округі аумағында жүргізілген.

«2007 жылы туған Кирилл Дукат 3 қаңтар күні сағат таңғы 10-дар шамасында үйден жылғы іздеуге шығып, хабарсыз кеткен. Жеткіншекті іздеуге «ДОС» құтқару-іздеу отряды жұмылдырылды», - делінген әкімдік хабарламасында.

Оқиға аудандық төтенше жағдай қызметінің бақылауында.



Соңғы жаңалықтар