Қостанайда жылқы іздеуге шыққан малшы суға батып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыстық ТЖД қызметкерлері 37 жастағы ер адамның мүрдесін судан алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратты. 7 мамырда Амангелді ауданында өзеннен 37 жастағы ер адамның денесі табылды.

«Жаңатұрмыс ауылынан 3 шақырым жерде жатқан Қарасу өзенінің шомылуға рұқсат етілмеген жерінен малшының денесі жағаға шығарылды. Ол 6 мамыр күні жылқыларын іздеуге шыққан. Сол күйі хабарсыз кеткен», - дейді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Кісі өлімінің себептері анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар