Қостанайда жұқпалы тері аурулары кең тарады, науқастардың көбі - балалар

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында тері-жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз деп бағаланады. Биылғы сегіз айда өңірде 51 адам дерматомикозбен ауырған, былтыр осыған ұқсас кезеңде 10 жағдай болған. Аталмыш инфекциямен көп жағдайда балалар мен жасөспірімдер ауырады. Науқастар арасында 88,2 пайызы - қала халқы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, дерматомикоз (микроспория, трихофитоз) - саңырауқұлақ сипатындағы жұқпалы ауру, онда тері мен шаш, сирек жағдайларда тырнақ та бұзылады.

Инфекция қоздырғышы қоршаған орта факторларына өте төзімді, тері қабатында, шашта және жануарлардың түгінде бірнеше жыл бойына өмір сүре береді.

Инкубациялық кезең 4-6 апта және теріде қызыл және ісінген дақтардың пайда болуымен аяқталады.

Бұл аурудың жұғуы ауру адаммен тікелей байланыста болғанда немесе ластанған заттар арқылы жүзеге асады.

Мұндай заттардың арасында сүлгілер, аяқ киім, кілемдер болуы мүмкін.

Саңырауқұлақтардың кейбір түрлері дымқыл тегістікте өмір сүреді, мысалы, киім ауыстыратын бөлменің, моншаның немесе душтың еденінде.

Саңырауқұлақтар осындай дерматомикозбен ауыратын үй жануарларынан жұғуы мүмкін (қоңырау құрты).

Дерматомикоздың белгілері – зардап шеккен орынды басу кезінде ауыру және ауырсыну, қауыздану және қышу, бірігу үрдісі бар таз ошағының пайда болуы; сондай-ақ, құлақ және желке лимфа түйіндері ұлғаюы мүмкін.

«Аурудың негізгі белгілерін біле отырып, сіз инфекцияның бар-жоғын уақтылы анықтап, денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығын қорғау үшін дер кезінде шара қолдана аласыз. Олар: үй және үйсіз жануарлармен қарым-қатынасты шектеу; марғаулар немесе күшіктерді үйге апармас бұрын оларды ветеринарға көрсету керек; жеке гигиена ережелерін сақтау; тек жеке бас киімдерді, киімдерді пайдалану, жеке төсек, сүлгі, тарақ, жуғыш зат және басқа да жеке заттарыңыздың болуы қажет; теріде немесе баста қабыршықтанған дақтар немесе ошақтар пайда болған кезде дереу дерматолог дәрігерге қаралу қажет. Қарапайым алдын алу шараларын сақтай отырып, сіз өзіңізді ғана емес, басқаларды да инфекциядан қорғай аласыз» деп ескертеді комитет.

Соңғы жаңалықтар