Қостанайда жүк пойызы мен көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық полиция департаментінің өкілдері пойызбен болған жол-көлік оқиғасына қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«65 жастағы жүргізуші «ВАЗ» маркалы көлігін тізгіндеп келе жатып, темір жолда бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетпекші болған. Жүк пойызымен соқтығыс салдарынан автокөлік жүргізушісі мен 40 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты», - деді ведомстводан.

Полиция жол-көлік апаты фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұған дейін 11 шілдеде сағат 14:35-те Қостанай облысы Притобол стансасы теміржол өткелінде Тобыл-Құсмұрын учаскесінде жол апаты болды.

Куәгерлердің айтуынша, «Жигули» маркалы автокөлік жүргізушісі машиналарды айналып өтіп, жүк пойызы келе жатқан теміржолға шығып кеткен еді.


Соңғы жаңалықтар