+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Қостанайда жүк көлігін соққан жүргізуші мерт болды

2021 жылғы 30 шілде 11:32
Бөлісіңіз:
Қостанайда жүк көлігін соққан жүргізуші мерт болды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Жол-көлік оқиғасы 29 шілде күні сағат 21:30-да «Рудный-Қостанай» тасжолында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда салығы төленбеген көліктер жаппай тәркіленіп жатыр Қарағандыда үш көшенің тұрғындары электр жарығынсыз қалды Алматыда жолдың қарсы бетіне шыққан көлік жүргізуші төрт бап бойынша жазаланады

«2021 жылдың 29 шілдесінде сағат 21:30-да Қостанайға кірер жолда (Рудный-Қостанай автожолы) 43 жастағы жүргізуші «ВАЗ-2114» автокөлігін басқара алмай, жолдың шетіне тұраққа қойылған 27 жастағы жүргізуші басқарған «JAC N944» маркалы жүк автокөлігін келіп соққан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «ВАЗ-дың» жүргізушісі оқиға орнында алған жарақаттардан көз жұмды», - делінген полицияның хабарламасында.

Аталмыш факті бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Арқалықта көлік қаққан электросамокаттағы ер адамның мерт болғаны және Қостанай облысында өлімге әкелетін жол-көлік оқиғаларының жиілегені туралы хабарланған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT