Қостанайда жөндеу жұмыстарына 20-дан астам үй жылудан уақытша ажыратылады

None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанайда коммуналдық қызмет бірден бірнеше нүктедегі ақауларды жояды, осыған байланысты 20-дан астам тұрғын үйде күні бойы жылу болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай жылу электр компаниясының хабарлауынша, ақауларды жою жұмыстары бүгін күні бойы жүргізіледі.

«Қаланың жылу желілеріндегі ақауларды жоюға байланысты келесі тұрғын үйлерді жылумен жабдықтау уақытша тоқтатылады: Дощанова № 145/7, Тәуелсіздік № 161, 163, 165, Әл-Фараби 134, 136, 138, 6 шағын ауданы, № 106, 7 шағын ауданы, № № 8а, 11, 11А, 12, 14, 15, 16, 17, 17Б, 21, 25, Арыстанбекова № 6, Узкоколейная № 2/1» , - деп хабарлайды Қостанай жылу электр компаниясы.

Сағат 18:00-ге дейін барлық ақаулар жойылады деп жоспарлануда.

Бұған дейін Рудныйдағы жылу трассасында ірі апат болған еді. Рудныйда 24 үй, жеке секторда 59 үй және заңды тұлғалардың 16 ғимараты жылусыз қалған.

Кейін апат жойылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев демалыс күндері жұмыс сапары аясында Рудныйда болып, қаладағы жағдайды қалыпқа келтіруді тапсырды. Кейін жергілікті биліктің Қостанай облысындағы коммуналдық желілердің тозу мәселесін қалай шешуге ниетті екендігі белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар