Қостанайда жолдар жабылып, мектептердегі сабақтар уақыты қысқартылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының білім басқармасы мектептердегі сабақтар уақытының қысқартылғаны туралы хабарлады. «Қостанай мектептерінде екінші ауысымда оқитын барлық сыныптардағы оқушылар үшін сабақ уақытын 30 минутқа дейін қысқарту» шешімін қабылдауға «бұрқасынның күшейе түсуі» себеп болғаны айтылды.

Сондай-ақ «Қазавтожол» РМК-ның хабарлауынша, қолайсыз ауа райынан күре жолдардың төрт учаскесі жабылған. Атап айтқанда, «Қарабұтақ-Жітіқара-Мықтыкөл-РФ шекарасы» күре жолының учаскесі жабылды. Денисовка-Жітіқара және Жітіқара-РФ шекарасы учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды. «Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай» тас жолы Ақтөбе облысының шекарасынан бастап Рудный қаласына дейінгі учаскесінде жабық. Қозғалыс үшін ашық күре жолдарда қар тазалайтын техника жұмыс істеуде.

«Қазгидромет» РМК-ның жергілікті филиалының ақпаратынша, облыста қатты боранның соғуына скандинавиялық антициклон себеп болған. Ол әлі бір тәуліктей уақытқа жалғасады.

Соңғы жаңалықтар