Қостанайда жолаушылар автобусы мектептің қоршауына соғылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда жол апатына жол бермеуге тырысқан жолаушылар автобусының жүргізушісі мектептің қоршауын қиратып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға бүгін облыс орталығындағы Маяковский көшесінде болған.

«Жол-көлік оқиғасын мән жайын анықтау кезінде, 54 жастағы автобус жүргізушісінің жол апатына жол бермеуге тырысқаны анықталды. Ол қарсы бағытта бұрылып жатқан ақ түсті «Хюндай Акцент» көлігіне соғылудан қашқан. Сол себепті, автобус жүргізушісі сол жаққа бұрылуға мәжбүр болған. Алайда, № 22 қоғамдық көлік мектеп қоршауын қиратып кетті», - дейді департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Ирина Беженарь.

Қазіргі уақытта полицейлер жеңіл автокөліктің иесін іздестіруде.

Полиция хабарлағандай, оған әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылуы мүмкін.

№ 23 мектеп директоры Бауыржан Сауытбаевтың айтуынша, зардап шеккендер жоқ.Тек қоршауға зақым келген. Дегенмен, автобус жүргізушісі мұны ретке келтірді.

Соңғы жаңалықтар