+7 (701) 759 90 19
USD 430.26 EUR 515.32
RUB 5.61 CNY 65.99
Jańalyqtar

Қостанайда жол апатынан қаза тапқандардың саны жетеу болды

2021 жылғы 2 наурыз 18:25
Бөлісіңіз:
Қостанайда жол апатынан қаза тапқандардың саны жетеу болды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының полиция департаменті «Қостанай-Әулиекөл» тасжолындағы жол апатынан тағы бір адамның қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматының қай көшелерінде жол апаты жиі болады Оралда жол апатынан кейін 2 кішкентай қыз бала ауруханаға жеткізілді Павлодарда жеңіл көлік үйге соғылды, екі бала зардап шекті

Полиция қызметкерлері «Лексус» автокөлігінде 3 адам, «Паджерода» 4 адам болғанын анықтады.

Барлық жолаушы оқиға орнында мерт болды.

«Сондай-ақ «Лексус» көлігі Қостанайдан Нұр-Сұлтанға, ал «Паджеро» жүргізушісі облыс орталығына бара жатқаны белгілі болды» деп толықтырды полиция департаменті өкілдері.

Жол апатына қатысты денсаулық сақтау басқармасы да пікір білдірді.

«Оқиға орнына екі жедел жәрдем бригадасы жіберілді. 7 адам («Лексус» көлігіндегі үш ер адам мен «Паджеродағы ер адам мен үш әйел) оқиға орнында мерт болды. Қазіргі уақытта бес адамның кім екені анықталды» деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанай облысында ірі жол-көлік апатынан алты адамның қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT