Қостанайда жоғалғандарды іздейтін сайт іске қосылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда «Регион-10» атты жоғалғандарды іздеу ресурсы пайда болды.

www.region10.kz. сайтында жоғалған адамдарды іздеу бойынша ақпаратты білуге, сондай-ақ ғаламторда жиі кездесетін жалған ақпараттарды ажыратуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сайтты жасаушылар – Яна Маляр, Татьяна Милехина және Ирина Карпенко есімді еріктілер. Ресурсты құру және оны толтыру идеясын Қостанай облысының полиция департаменті қолдап, бірігіп жұмыс істеуге келісті. Бүгінде сайт өзінің ресми қызметін бастап кетті.

«Біздің іздеу жасағы 2018 жылдың тамыз айында құрылды. Қазіргі уақытта оның құрамына 16 волонтер және халықаралық кинологиялық одағының 4 із кесуші иті бар, сондай-ақ «К-9» Қостанай кинологиялық клубы кіреді. Қазірдің өзінде полиция қызметкерлерінің барлық іздеу операцияларына атсалыстық. Нәтиже бар. Жыл басынан бері біз 10-нан астам адамды табуға көмектестік», - деп атап өтті Татьяна Милехина.

Айта кету керек, еріктілердің барлығы тұрақты жұмыс істейді, бірақ қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысады. Олар «Қызыл жарты Ай» және «ГРИН» ҮЕҰ-ның қолдауымен алғашқы көмек көрсету, іздестіруді ұйымдастыру және жоғалған адамдарды іздеу кезінде қажетті бастапқы әрекеттерді жүргізуде арнайы дайындықтан өткен.


Аталмыш сайтта жоғалып кеткен 7 адам мен табылған 5 адам туралы мәлімет бар. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері басқа да іздестіру фактілері бойынша ақпарат дайындап жатыр.

Соңғы жаңалықтар