Қостанайда жоғалған жігіт туыстарын қыдырып жүрген

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Осыдан үш күн бұрын іздеу салынған қостанайлық жігіт табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел іздестіру шаралары барысында Қостанай қаласы ІІБ Оңтүстік бөлімінің полицейлері із-түссіз жоғалған Шәріпов Жасұлан Әбілғазыұлын тапты. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасына сүйенсек, Шәріпов Жасұлан осы уақытқа дейін КСК шағын ауданындағы туыстарының үйінде болған.

Еске салайық, Шәріпов Жасұланға 10 қыркүйек күні іздеу салынған .   

Сондай-ақ, Қостанайда 40 жастағы Гүлнар Молдашеваны іздеу шаралары әлі жалғасып жатыр. Оның жоғалу дерегіне қатысты "Кісі өлімі" бабы бойынша іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар