Қостанайда жоғалған қыздың өлімі неден болғаны анықталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ баспасөз қызметі 20 жастағы Екатерина Пудвильдің өліміне қатысты мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь өзен жағасынан өлі табылған бойжеткенге қатысты мәліметтердің сараптамадан соң жария етілетінін айтқан болатын. 

ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламаға жүгінсек, бойжеткеннің ағзасына салқын тиген. Бұл сараптама қорытындысы бойынша анықталды.

 «Тергеу жұмыстары кезінде белгілі болғандай, із-түссіз жоғалған бойжеткен 7 қараша күні құрбысымен ішімдік ішкен. Сол күні шамамен сағат 23:30-да олар Денисов аудандық полиция бөлімінің айдауылына хабарласып, оның жалдамалы пәтеріне келеді. Түнгі 01:00 кезінде жәбірленуші өзін нашар сезініп, үйіне кетпек болады. Бірақ, оны құрбылары жібергісі келмей, түнеп, үйіне таңертең баруды ұсынады. Бұдан кейін бойжеткен дәлізде отыра тұру үшін құрбыларынан сырт киімін сұрап, аяқ киімін кигізіп жіберуді өтінеді. Дегенмен, құрбылары бұл ұсынысын қолдамайды. Нәтижесінде бойжеткен жалаңаяқ шығып кеткен», - делінген ІІМ баспасөз хабарламасында.

Бойжеткеннің кетіп қалғанын білген құрбылары оны іздеуге аттанады. Олар бірнеше көше мен дүкен маңын қарап шығады. Бойжеткеннің ұялы телефоны жауап бермеген соң, достары іздеуді тоқтатқан.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі отырыс кезінде құрбылар арасында дау-дамайдың болмағанын жеткізді.

Бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар