Қостанайда жер қатынастары бөлімінің басшысы ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу соты Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Азамат Амановқа қатысты санкцияны қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қостанай облысының мамандандырылған тергеу соты Қостанай облысы прокурорының орынбасары Қ.Мамаевпен келісу арқылы, СЖҚКД тергеу бөлімінің тергеушісі Ж.Өтепқалиевтің өтініші бойынша, Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекеме басшысына қатысты 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына рұқсат берді", - делінген облыстық соттың хабарламасында.

А. Аманов адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы пара алды деген күдікпен ұсталып отыр.

Соңғы жаңалықтар