Қостанайда Жеңістің 70 жылдығына арналған шараларға қаржы жинау үшін арнайы шот ашылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыстық ардагерлер кеңесі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына дайындалу және өткізу үшін қаражат жинайтын арнайы шот ашты. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Хабарламада осыған ұқсас шоттардың облыстың басқа қалалары мен аудандарында ашылып отырғаны атап өтілген.

Қостанай облыстық ардагерлер кеңесінде жиналған ақша Астана және Мәскеу қалаларындағы Жеңіс шерулеріне қатысушылар үшін киім тігуге, ал қажеттілік туындаған жағдайда Ұлы Отан соғысының көмекке ерекше мұқтаж қатысушылары мен мүгедектеріне жіберілетінін түсіндірді.

Арнайы шоттан жиналған ақша сондай-ақ «Олар Жеңіспен оралды» естелік кітабы басылым жобасын жалғастыруға, қостанайлық Кеңес Одағы Батырлары туралы жинақты, «Қайтарылған есімдер» жинағын, Жеңіс саябағы туралы буклетті шығаруға жұмсалады.

Шотты толтыру ниетін алғаш болып білдіргендер арасында Қостанай облысы әкімі аппаратының қызметкерлері, өңір әкімі Нұралы Сәдуақасов болды. Жиналған қаражат сомасы 426 мың теңгені құрады.

«Қатарлары жыл сайын сиреп бара жатқан соғыс ардагерлері қамқорлыққа бөленуі тиіс. Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу жылы біздің ерекше міндетіміз - кеңестік жауынгердің ұлы ерлігі туралы естелік қалдыру, оның қазақстандықтардың жас буынына жеткізу», - дейді Н.Сәдуақасов.

Соңғы жаңалықтар