Қостанайда жеңіл көлікпен соқтығысқан «КамАЗ» мейрамхананы қиратты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында «КамАЗ» «ВАЗ 2014» автокөлігімен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Тәуелсіздік-Баймағамбетов көшелерінің қиылысында болған.

«53 жастағы ер адам басқарған «КамАЗ» қарсы бағытта келе жатқан «ВАЗ 2114» көлігімен соқтығысты. Салдарынан жүк көлігі «Медеу» мейрамханасы ғимаратын бұзып кетті. Жеңіл автокөліктің 20 жастағы жүргізушісі мен 19 жастағы жолаушысы дене жарақаттары бойынша ауруханаға жеткізілді», - деді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Қазір осы дерек бойынша тескеру шаралары жүргізіліп жатыр. Мейрамханаға келтірілген шығын көлемі есептелуде.



Соңғы жаңалықтар