Қостанайда жеңіл көлік жүк пойызымен соқтығысты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында жүк пойызы жеңіл көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпаратты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға Денисов ауданында «Денисов-Зааятское» автожолында болған.

«КIA RIO» автокөлігін басқарып келе жатқан 37 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны теміржол өткелінде жүк пойызымен соқтығысқан. Белгілі болғандай, көлік жүргізушісі бағдаршамның дабыл белгісін елемей, өтіп кетуге тырысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік жүргізуші мен жолаушы дене жарақатын алды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Аталған фактіге байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар