Қостанайда жеңіл автокөлік дөнер дүңгіршегін соғып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы шағын аудандардың бірінде жеңіл автокөлік сауда дүкеніне соғылды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер болмаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оқиға бүгін таңғы сағат сегіз кезінде Қостанайдағы шағын аудандардың бірінде болған.

«Фольксваген» маркалы көліктің жүргізушісі сауда дүңгіршегіне соғылған. 1994 жылғы жүргізуші көлікті мас күйде басқарған», - деп мәлім етті ПД.

Зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Соңғы жаңалықтар