Қостанайда жеңіл автокөлік автобуспен соқтығысып, үш адам қаза болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Қостанай-Қарабұтақ» автожолында жеңіл машина мен автобустың соқтығысуы кезінде үш адам көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«18 қаңтар күні сағат 14.30-да «Қостанай-Қарабұтақ» бағытындағы тасжолда 34 жастағы жүргізуші «Renault Duster» автокөлігімен қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, автобусқа соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Renault Duster» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды»,- дейді полиция департаментіндегілер.

Автобус жергілікті ұйымдардың біріне тиесілі екені белгілі болды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар