Қостанайда жеңгетайлықпен айналысқан әйел ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласында жеңгетайлықпен айналысып жүрген әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі растады. Қостанай облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Рудный қаласындағы 25 жастағы әйелді ұстады.

«Күдікті 9 қыркүйек күні 29 жастағы Рудный қаласының тұрғынына 24 жастағы қызды 60 мың теңгеге ұсынған. Осы факті бойынша ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлады Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.

24 жастағы қыздың жезөкшелікпен айналысуына «жағдай жасаған» әйелдің қылмысы ашылса, мүлкі тәркіленіп, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, жыл басынан бері ІІД қызметкерлері облыс бойынша 9 жеңгетайлық фактісін анықтаған.

Соңғы жаңалықтар