Қостанайда жеке қорғаныс құралдарының екі айлық қоры жиналды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірде жеке қорғаныс құралдарының екі айлық қоры дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін облыста барлық қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Облыста жұқтырудың 2 354 жағдайы тіркелген. Оның 1 176-сы симптомсыз, 6 адам қайтыс болды. 1480 адам немесе 63% жазылды. Бір апта ішінде сырқаттанушылықтың өсуі 2,6% құрады», - деді Архимед Мұхамбетов Үкімет отырысында.

Әкімнің айтуынша, емханалар жанында үйінде емделушілерге медициналық көмек көрсететін 160 мобильді әмбебап бригада құрылған. Бюджеттен тыс қаражат есебінен Қостанай қаласының емханалары жанындағы мобильді бригадалардың қызметкерлері 12 такси автомобилімен қамтамасыз етілген.

«Қазіргі уақытта жеке қорғаныш құралдарының қалдығы 64 мың бір реттік костюмді, 4 мың көп реттік костюмді, 80 мың масканы, 200 мың қолғапты құрайды. Бұл 2 айдан астам мерзімге жеке қорғаныс құралдарының қорын қамтамасыз етеді. 2021 жылдың ақпанына дейін облыстық бюджет қаражаты есебінен жеке қорғаныс құралдарын қосымша сатып алу жоспарлануда», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар